«Жайма» қамырын шығаратын «ASATU . kz» компаниясы қазақтың Бас Тағамының атауының шығу төркініне байланысты өзінің жеке зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу жұмысы барысында көз жеткізгені - «Қазақша ет», «Бесбармақ» сөздерінің шетелден алынғаны, ал «Ет» сөзінің атауы қысқаша нұсқада қолданымға енген. Ең бастысы 18-19 ғасырлардағы тілдік қолданымда «бесбармақ» атауы мүлдем кездеспейтіндігі, ал шет елден келгендер тарапынан мазақ, әжуа ретінде қолданылған. Сондықтан қазақтың ұлттық бас тағамының атуы «Ет асы» деген дұрыс деген қорытындыға келді.